ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚАЗАҚСТАНДА 118 МЫҢ ПӘТЕР САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚАЗАҚСТАНДА 118 МЫҢ ПӘТЕР САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

"2018 жылмен салыстырғанда, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Қостанай облыстары тұрғын үйді іске қосу бойынша көшбасшы атанды. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласында және Маңғыстау облысында құрылыс қарқынының 32,8%-ға және 10,3%-ға төмендеуі байқалады. Бұл жалпы республикалық көрсеткішке теріс әсер етті, яғни тұрғын үйді іске қосу 1,9%-ға артта қалды. Сондықтан бұл өңірлер жеке құрылыс салушылармен жұмысты жандандыруы қажет. Жалпы алғанда, жылдық жоспарға басқа өңірлердегі құрылыс қарқынын арттыру есебінен қол жеткізіледі", - деп хабарлады ҚР ИИДМ басшысы Роман Скляр Үкімет отырысында жасаған баяндамасында.

 Министрдің мәліметінше, тұрғын үйді уақытында пайдалануға беру үшін құрылыс алаңдарына тиісті инженерлік коммуникацияны жүргізуге 81,7 млрд.теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін сатып алмай жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 32,8 млрд.теңге қарастырылған. Осы қаржыдан өңірлерге аударылған 14,9 млрд. теңгенің 14,8 млрд.теңгесі игерілді. Қаржы игеру жөніндегі төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында байқалады. Биыл кезекте тұрғандар үшін 6 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. 1 шілдеде 924 пәтер тапсырылды.

"Көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 50,0 млрд.теңге қарастырылған, оның ішінде қаржыландыру жоспары бойынша өңірлерге 9,7 млрд. теңге аударылған, 9,6 млрд. теңге игерілді. Барлық көздерден 7482 пәтер беру жоспарлануда. Мамыр айынан бастап 1619 көпбалалы отбасына тұрғын үй берілді",-деп атап өтті ИИДМ басшысы.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастардың еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін 2019-2021 жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалдамалы тұрғын үй салуға және сатып алуға арналған қаржыландыру көлемін жылына 21,6 млрд.теңгеге дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл 2019, 2020 және 2021 жылдары жұмысшы жастарға 3 мың жалға берілетін пәтер беруге мүмкіндік береді.

"Қаржыландырудың ұлғаюына байланысты біз "Нұрлы жер" бағдарламасына толықтырулар енгіземіз. Ал жастар саясаты жөніндегі уәкілетті орган жақын арада тұрғын үйді бөлу критерийлері мен тәртібін анықтайды",-деді Роман Скляр.

Несиелік тұрғын үй бойынша, биылғы жылы әкімдіктер 12 388 пәтер салу үшін 108,8 млрд.теңгеге облигация шығаруды жоспарлап отыр. 1 шілдеге "Бәйтерек девелопмент" АҚ жалпы сомасы 75,7 млрд.теңгеге ЖАО облигацияларын сатып алды, оның 33,2 млрд. теңгесі игерілді. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 1693 пәтер пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдіктері облигациялар шығармаған.

"Аз қамтамасыз етілген отбасыларды жеңілдікпен кредит беру аясында тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жылдық 2% - бен 50 млрд.теңге бөлінді. Өңірлер арасындағы кредит беру лимиттері кезектегілер санына барабар анықталған. 15 шілдеде банк төлем қабілеттілігін алдын ала бағалау бойынша кезекте тұрғандардан өтініштер қабылдауды бастады. Қарауға 9,9 млрд. теңге сомасына 920 өтініш түсті. 1 млрд.теңгеге 91 өтінім бойынша кредит беру мақұлданды. Жұмыс жалғасуда", - деді ИИДМ басшысы.