Шетелдік инвесторларды қазақстандық минералдық ресурстар нарығындағы жұмыс ерекшеліктерімен таныстырды

Шетелдік инвесторларды қазақстандық минералдық ресурстар нарығындағы жұмыс ерекшеліктерімен таныстырды

Бүгін AIFC Business Connect алаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев пен ҚР ИИДМ жер қойнауын пайдалану департаментінің басқарма басшысы Дәулет Сағжанов минералды шикізат нарығына қызығушылық танытқан Ұлыбритания, Австралия және Еуропа инвесторларына арналған веб-семинар өткізді.

Мүдделі шетелдік инвесторларға Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланудың мүмкіндіктері мен перспективалары туралы, «бірінші өтінім» қағидаты бойынша лицензия алуды едәуір жеңілдететін және лицензияларды қарау мерзімдерін қысқартатын жүргізілген реформалар туралы айтылды.

Вице-министр Р.Баймишев Батыс-Австралия моделіне негізделген жаңа заңнаманы іске асырудың 2 жыл ішінде Қазақстанда 1,2 мыңнан астам жер қойнауын пайдалану құқығы берілгенін, геологиялық барлауда юниорлық компаниялар белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Бірінші кезекте, бұл лицензия алу процесін айтарлықтай оңайлатумен байланысты.

«Қазақстандағы тау-кен өндіру секторын дамытудың жаңа парадигмалары» бизнес-вебинарына қатысушыларды aixmining.kz платформасында жұмыс істеу алгоритмімен таныстырды, сондай-ақ әлемдегі ең ірі тау-кен компанияларының Қазақстандағы жұмыс тәжірибесі, қазақстандық нарыққа шығу ерекшеліктері және тау-кен компаниялары үшін преференциялар, АХҚО биржасының құралдары туралы ақпарат берілді.