
«Мемсараптама» РМК қызметінің мақсаты - қала құрылысын жоспарлау, аумақтарды дамыту және салу, әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілері (энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, магистральдық көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығы және тіршілікті қамтамасыз ететін басқа да жүйелерінің объектілерін қоса алғанда) жобаларын кешенді бағалау.
2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында «Мемсараптама» РМК сметалық құрылыс құны 1 988,066 млрд. теңге болатын 552 құжатты қарады. 491 жоба ұсынылды. Олардың сметалық құны 1 854,658 млрд. теңге.
Сараптама нәтижесінде қаралған жобаларда құрылыстың есептік құны 140,657 млрд. теңгеге төмендетілді. Оның ішінде мемлекеттік инвестиция есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша 91,785 млрд. теңгеге азайтылды. 10,461 млрд. теңгенің 61 құжаты пысықтау үшін қайтарылды.