Қазақстан Республикасында көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері

Қазақстан Республикасында көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері

2021 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Д.Р. Щеглованың төрағалық етуімен ҚР Бас көлік прокуратурасының, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрліктерінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қатысуымен көлік құралдарына міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.​

Кеңес барысында ҚР ИИДМ Көлік комитеті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу кезінде туындайтын проблемаларды (мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді бұзу/анық емес деректерді жіберу салдары, фотошоп/көлік құралынсыз техникалық байқауды өткізу), сондай-ақ құзыреті шеңберінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан осы саладағы бұзушылықтарды болдырмау және техникалық байқауды жүргізу тәртібін жетілдіру бойынша қабылданатын шараларды атап өтті.

Кеңесте сондай-ақ жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың өкілдері мен бизнес қоғамдастық өкілдері сөз сөйлеп, қозғалыс қауіпсіздігіне, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, «Техбайқау» ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін күшейтуге, осы саладағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге, техникалық байқаудың барлық операторларына мерзімді тексерулер жүргізуге және т.б. бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды.

Вице-министр Д.Р. Щеглова барлық айтылған ұсыныстарды егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.

Министрлік техникалық байқауды өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған Жол картасын әзірледі. Оның шеңберінде: техникалық байқау операторларының іс-қимылын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды енгізу, фотобейнеге қосымша талаптар, ҚР ТС 15408-3-2006 сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті күшейту, техникалық байқау операторларының әкімшілік жауапкершілігін қатаңдату және осы саладағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторына қатысты әкімшілік жауапкершілікті енгізу, техникалық байқау орталықтарын ашуды хабарламадан рұқсат беру тәртібіне ауыстыру бөлігінде НҚА-ге түзетулер енгізу және басқалар.

Көрсетілген шараларды қабылдау осы салада заң бұзушылықтарды болдырмауға ықпал етеді.

Бұл ретте Министрлік техникалық байқауды жетілдіру мәселелерін жұртшылықпен талқылауға ашық. Ұсыныстарды d.atoshev@miid.gov.kz электрондық поштасына жіберуге болады.