Еліміздің астанасында су көліктері тексерілді. Өрескел заң бұзушылықтар анықталды

Еліміздің астанасында су көліктері тексерілді. Өрескел заң бұзушылықтар анықталды

Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы Есіл өзенінде жолаушылар кемелерінің қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті арқылы «ЖАСНҰР» МҚКК ҚШ өкілдерімен бірлесіп осы ұйымға тиесілі жолаушылар кемелеріне тексеру жүргізілді.

Кемелерді тексеру нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтар анықталды.

Осылайша, сыйымдылығы сәйкесінше 45 және 65 адам болатын «Астана» және «2» жолаушылар кемелерін тексерген кезде келесідей заң бұзушылықтар анықталды:

  • басты рульді басқару орны айналаны шолу көрінісімен қамтамасыз етілмеген;
  • машина бөлімшесінен жағармайдың ағуының байқалуы;
  • кеме құжаттарының дұрыс жүргізілмеуі, сондай-ақ олардың кейбіреулерінің болмауы.

Осындай заң бұзушылықтар осы ұйымның 2 өздігімен жүзетін тіркеп алушы кемелерді тексеру барысында анықталды.

Жыл сайынғы техникалық байқаудан өтпеген жолаушылар мен жүк кемелерін арқандап байлау және оларға қызмет көрсетуге арналған 7 қалқымалы қондырғы да тоқтатылды.

Анықталған  заң бұзушылықтар нәтижесінде 11 кемені пайдалануға тыйым салынды және кемелердің қауіпсіз жұмысына қатысты заң бұзушылықтарды жедел жоюға қатысты ұйғарымдар берілді және «ЖАСНҰР» МҚКК-ның 3 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ИИДМ Көлік комитеті ескертеді, егер сіз су көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзудың куәгері болсаңыз, тәулік бойы сенім телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 98-35-35, сондай-ақ фото және бейне материалдарды What ' sApp messengerі  бойынша мына нөмірге 8-708-088-08-00 жібере аласыз.