2020 жыл құрылыста қандай естелік қалдырды? (3 бөлім)

2020 жыл құрылыста қандай естелік қалдырды? (3 бөлім)

Құрылыс секторын дамыту бойынша Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік институт «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» 2020 жылғы жұмыс қорытындыларын шығаруды жалғастыруда.

Ғылым

2020 жылдың желтоқсанында ғалымдар ҚР БҒМ гранттары бойынша құрылыс саласындағы 3 жылдық ғылыми зерттеулерді аяқтады. Алғашқы ғылыми жұмыс барысында институттың ғылыми қызметкерлері Алматыдағы жер сілкіністерінің аспаптық жазбаларына талдау жүргізіп, мегаполис үшін сейсмикалық қатерді азайту бойынша ұсыныстарды әзірледі. Екінші ғылыми зерттеу еуропалық тәжірибенің негізінде ҚР-дағы ғимараттардың энергия тиімділігін анықтау әдістемесін әзірлеуге арналды.

Жұмыс нәтижелерін іс жүзінде қолдану жоспарлануда.

Халықаралық ынтымақтастық

2020 жылдың тамыз айында Қазақстан Халықаралық сейсмикаға төзімді құрылыс қауымдастығына кірді. Қазақстан Республикасының атынан Ұлттық делегат мәртебесі «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ға берілді.

2020 жылдың қараша айында Қазақстан ұсынған Құрылыстағы жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін (ҚЖКБЖ) ТМД елдерінің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық кеңесі мақұлдады. ҚЖКБЖ әзірлеумен институт мамандары айналысты.

Институт мынадай жобаларды әзірлеуге қатысты:

1) «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу. Ақпаратты жіктеу және кодтау қағидаттары» мемлекетаралық стандарты.
2) «Жобалау кезеңіндегі объектінің ақпараттық моделі» мемлекетаралық стандарты.

2020 жылы «Қырғызстанда дүлей зілзалалар қатерлеріне төзімділікті арттыру» жобасын әзірлеу бойынша конкурсқа қатысты.

2020 жылғы 25 желтоқсанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сейсмикалық құрылыс саласындағы Базалық ұйымының екінші отырысы онлайн пішімде өткізілді. ТМД-ның барлық елдері үшін сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы нормалардың бірыңғай моделін енгізу жөніндегі Қазақстанның ұсынысы қаралды.