
Әуе айлағы Алматы және Нұр-сұлтан қалаларының әуежайларынан кейін жолаушыларды тасымалдау көлемі бойынша республикада үшінші орында. Бұл туралы Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев мәлімдеді.
"Жолаушылар терминалының өткізу қабілеті сағатына 450 жолаушыны құрайды, жалпы ауданы VIP және CIP залдарын қоса алғанда 13 400 ш.м. Терминал барлық заманауи құралдармен және жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі уақытта ұшу-қону жолағы әуе кемелерінің барлық түрлерін шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні әуежай 7 ішкі бағыт бойынша тұрақты ұшуларды қамтамасыз етеді. Нұр-сұлтан (Skat, Эйр Астана, Бек Эйр), Алматы (Skat, Эйр Астана, Бек Эйр), Орал (Skat, Бек Эйр), Шымкент (Skat, Бек Эйр), Атырау (Skat, Эйр Астана, Қазақ Эйр), Ақтөбе (Skat) және Көкшетауда субсидияланатын, оған қоса 8 халықаралық(Мәскеу (Skat), Стамбул(Skat, AtlasJet), Минеральные воды (Skat), Краснодар (Skat), Астрахань (Skat), Махачкала (Skat), Тбилиси (Skat) және Баку (Skat)", - деп хабарлады өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту туралы есебінде вице-министр.
Сонымен қатар, Берік Камалиев Маңғыстау облысының көлік инфрақұрылымының маңызды әлеуетін ерекше атап өтті. Атап айтқанда, Республикалық маңызы бар Жетібай-Жаңаөзен (73 км) және Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы автожолдарының учаскелерін қайта жаңарту бойынша жалпы құны 20,7 млрд. теңге болатын (Нукуске) (85км) құрылысы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Автожолдардың жергілікті желісін дамытуға ағымдағы жылы 25,5 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферт 22,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 3,2 млрд. теңге трансферттер бөлінген. Бөлінген қаражат есебінен 3 қайта жаңарту жобасы бойынша "МАЭК" су жинағыш каналынан "Құрық" паром кешеніне дейінгі а/ж - 18 000 млн. теңге; "Жаңғылды-Шайыр-Шерқала жері" а/ж - 505,4 млн. теңге; "Ата-жолы" а/ж 51-97 км (2 кезең) – 2 041, млн. теңге және жалпы ұзындығы 184 км орташа жөндеу бойынша 6 жоба: "Шетпе-Үштаған" а/ж 6-60 – 555,9 млн. теңге; "Ақтау-Форт-Шевченко-Қаламқас" 88 км -154 км-53,9 млн. теңге; "Қызылсай-Сенек" 13,262-31 – 200,3 теңге; "Қызан-Ақшымырау "14,7 км – 143,1 млн. теңге;" Шетпе-Тиген-қызақ "0-21 км – 185,2 млн. теңге; "Форт-Шевченко-Таушық-Шетпе" 0-13 км, 13-26 км, 26-39 км, 39-52 км, 52-65 км, 65-79 км, 79-91 км-588,7 млн.теңгені құрайтын жобалар іске асырылуда. Жалпы облыс бойынша автожол жобаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 46,8 млрд.теңгеніқұрайды.
"Сонымен қатар, 2025 жылға дейін "Нұрлы жол" жаңа мемлекеттік бағдарламасына Республикалық маңызы бар "Жаңаөзен-Кендірлі-Түркменстан шекарасы" (164 км) автожолын қайта жаңарту бойынша шамамен құны 50млрд. теңгені құрайтын жобаларды, Құрық кентін айналып өту арқылы құны шамамен құны 11,2 млрд. теңгені құрайтын ұзақтығы 64 км болатын "Құрық-Жетібай" учаскесін күрделі жөндеуден өткізуді енгізу жоспарлануда",-деп атап өтті вице-министр.
Сонымен қатар, Берік Камалиев Ақтау халықаралық теңіз сауда портын және Құрық мультимодальды кешенін дамыту туралы айтып берді. Порттық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде бүгінде теңіз порттарының өткізу қабілеті 27 млн.тоннаға дейін жеткізілді. Атап айтқанда, басты жүктерді өңдеу бойынша қуат 2 есеге, паром жүктері бойынша қуат 4 есеге артты. Ағымдағы жылдың 5 айында теңіз порттары арқылы 2,6 млн.тонна жүк тасымалданды, оның ішінде: Ақтау порты арқылы 1 453 млн. тонна, Солтүстік терминал арқылы 520 мың тонна, Құрық порты арқылы 633 мың тонна тасымалданды.