
Жұмыс сапары аясында ҚР ИИДМ жауапты хатшысы "Қазфосфат" АҚ, "ТаразКожОбувь" ЖШС қызметімен танысты, сондай-ақ "Ұзынағаш-Отар" автожолын қайта құру құрылыс алаңына барды
Сонымен қатар Мереке Пішембаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп ҚР ИИДМ аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізді. Аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары кадрлық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік қызмет көрсету және заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
В рамках рабочего визита ответственный секретарь МИИР РК ознакомился с деятельностью АО «Казфосфат», ТОО «ТаразКожОбувь», а также посетил строительную площадку реконструкции авдороги «Узынагаш-Отар»
Жауапты хатшы өз сөзінде Министрліктің аймақтардағы Министрлік өкілдері ретінде аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдарды шешуі тиіс негізгі міндеттерін айқындады. Сондай-ақ, ол Жамбыл облысындағы Министрлік жетекшілік ететін автомобиль жолдарын, көлікті, азаматтық авиацияны, индустрияны, құрылыс пен ТКШ дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаларға тоқталып өтті.
Мереке Пішембаев министрліктің алдына қойылған міндеттерді тиімді іске асыру мақсатында ведомствода жобалық басқаруды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Қазіргі уақытта Министрліктің жобалық кеңсесінің штабы құрылды, олар ведомствоның жұмысын жүйелендіру бойынша шаралар әзірлейтін болады.
