"ПАМЗ"-ге жаңа бас директор тағайындалды

"ПАМЗ"-ге жаңа бас директор тағайындалды

"Петропавл ауыр машина жасау зауытының" жаңа бас директоры болып Айдын Оразханов тағайындалды.

Айдын Оразханов 1974 жылы дүниеге келген. Жалпы еңбек өтілі 19 жылдан асады.

Ол түрлі жылдары тау-кен саласындағы күрделі жұмыстар жөніндегі инженер, жол шаруашылығы жөніндегі инженер, "Алматы қаласында салынып жатқан метрополитен дирекциясы" МКК жол және тоннель құрылыстары қызметінің бастығы, "Метрополитен" КМК бас инженері, директоры болып жұмыс істеді. 2018 жылдың маусым айынан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Петропавл ауыр машина жасау зауыты мұнай-газ өндіру және өңдеу, энергетика, қорғаныс, химия және өнеркәсіптің басқа да салалары үшін жабдықтар шығаратын өндірістік қуатқа ие. Кәсіпорында 800-ден астам адам еңбек етеді.