ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасарымен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасарымен кездесті

2021 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанға ресми сапармен келген Түркияның Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Мұхсин Деремен кездесті.

Кездесу барысында әскери-техникалық қатынастағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары бойынша келіссөздер жүргізілді.

Министр Бейбіт Атамқұлов Қазақстан мен Түркияның бірлескен "Қазақстан Аселсан инжиниринг" кәсіпорнының оптика және радиоэлектроника саласында әскери өнім дайындаудағы өндірістік жетістіктерін атап өтті.

Бұдан басқа, коронавирустық пандемиямен күрес кезінде елімізде өкпені жасанды желдеткіш аппараттары өндірісін ұйымдастыруда көмек көрсеткен Түркия Республикасына алғысын білдірді.

Келіссөздердің қорытындысында тараптар сындарлы диалог үшін бір-біріне ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери-техникалық саладағы қатынастарды әрі қарай дамытудың маңыздылығын атап өтті.