
КAZ Minerals – Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде заманауи, ірі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания.
Компания операциялық ісқызметін ШҚО орналасқан Ақтоғай және Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық кеніштерде, сонымен қатар Шығыс Қазақстанда орналасқан үш кеніш пен кен байыту фабрикаларында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді. 2020 жылы мыстың жалпы өндіріс көлемі 306 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 50 мың тонна концентраттағы мырыш, 196 мың унция алтын мен 3,374 млн. унция күміс өндірілді. 2019 жылдың қаңтар айында Топ Ресей Федерациясы (РФ) Чукот автономиялы округіндегі Баимская мыс жобасын сатып алды. Баимская – ашық типтегі кеніш негізінде мыс өндіретін төмен шығынды әрі ауқымды тау-кен кешенін құру әлеуеті бар әлемдегі игерілмеген ірі мыс алаңдарының бірі.
Топтың жаңа өндірістік кәсіпорындары – Ақтоғай мен Бозшакөл – саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырды.
Ақтоғай – карьер типтес ірі ауқымды кеніш. Ол Бозшакөлге ұқсас. Кенішті пайдаланудың қалған мерзімі (өндірісті кеңейтуді қоса есептегенде) - 25 жылға жуық. Кендегі мыс мөлшері 0,35% (оксидті кен) және 0,33% (сульфидті кен). Ақтоғайда оксидті кеннен катодты мысты өндіру 2015 жылдың желтоқсан айында, ал сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру 2017 жылдың ақпан айында басталды. Сульфидті кенді қайта өңдейтін бірінші кен байыту фабрикасының жылдық қуаты - 25 млн тонна. Сульфидті кенді өңдеу көлемі екінші кен байыту фабрикасы 2021 жылдың соңына дейін өндірісті бастағанда 50 млн тоннаға дейін жетеді. Ақтоғай кен орынының операциялық шығындары халықаралық мыс өндіруші кәсіпорындарының арасында бәсекеге қабілетті болып табылады. Жылдық өндіріс көлемі – 2021 жылға дейін орта есеппен сульфидті кеннен өндірілетін 100 мың тонна мысты құрайды. Екінші кен байыту фабрикасы өндірісті бастағаннан кейін 2022-2027 жылдар аралығында сульфидті кеннен жыл сайын шамамен 170 мың тонна мыс өндірілетін болады. Оксидті кеннен 2024 жылға дейін жыл сайын шамамен 20 мың тонна мыс өндіріледі.
Операциялық шығындары бойынша Бозшакөл халықаралық мыс өндіруші кәсіпорындар арасында бірінші квартильге кіреді. Оның кен өңдеу қуаты жылына 30 млн тонна кенді құрайды. Кенішті пайдаланудың қалған мерзімі – 40 жылға жуық. Кендегі мыс құрамы 0,36%. Карьер мен кен байыту фабрикалары өндірісті 2016 жылы бастады. Өндіріс көлемі – алғашқы 10 жылда жыл сайын 100 мың тонна мысты және 120 мың унция концентраттағы алтынды құрайды.
Ресейдегі Баимская лицензиялы алаңының аумағында орналасқан Песчанка кен орынының ресурстары JORC кодексіне сәйкес бағаланып, 9,5 млн тонна мыс, кендегі мыстың мөлшері 0,43% және кендегі алтынның мөлшері 0,23 г/т болатын 16,5 млн унция алтынды құрайды. Жоба РФ-ның үкіметі экономикалық даму үшін стратегиялық маңызды деп анықтаған өңірде орналасқан. Мемлекет көліктік және энергетикалық инфрақұрылымды дамытып, салықтық жеңілдіктер беретіндіктен жоба артықшылыққа ие болады. Құрылыстың болжамды күрделі бюджеті – шамамен $8 млрд.
KAZ Minerals PLC компаниясының акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларында айналымда. KAZ Minerals-та шамамен 16 000 адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі Қазақстан азаматтары.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Ж. Омарова көшесі, 8
Тел: +7 727 244 03 53
info@kazminerals.com