ҚР ИИДМ басшысы AirAstana әуе компаниясының президентімен кездесті

ҚР ИИДМ басшысы AirAstana әуе компаниясының президентімен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов AirAstana авиакомпаниясының президенті Питер Фостермен кездесу өткізді.

Талқылау барысында Ұлттық авиатасымалдаушының басшысы компанияның қазіргі жағдайы мен одан әрі даму жоспарлары, оның ішінде ішкі жолаушылар авиатасымалдары көлемін ұлғайту және жаңа шетелдік бағыттарды ашу туралы айтып берді.

Министр Бейбіт Атамқұлов 2020 жылы ашылған бағыт - Түркістан қаласының коммерциялық табысын атап өтті. Бұл жер Қазақстан өңірлерінен және басқа елдерден келген туристер арасында танымал, ал агломерацияның өзінде 700 мыңнан астам адам тұрады, бұл осы бағыттағы тасымалдарға тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді.

AirAstana әуе борттарын пайдаланудың орташа жасы төрт жылды құрайды, сондықтан әуе тасымалдаушы флоты әлемдегі ең жас ұшақтардың бірі болып табылады, деді Фостер. Компания басшысының айтуынша, персонал ауада және жерде қамтамасыз ететін сервис пен жайлылықты сарапшылар мен жолаушылар жоғары бағалайды.

Министр AirAstana Қазақстанның ішінде және шет елдерге ұшатын рейстердің жиілігі мен бағыттар санының артуына байланысты дамуын жалғастыратынына сенім білдірді.

Анықтамалық:

AirAstana маршруттық желісіне 60-тан астам ішкі және халықаралық рейстер кіреді. Авиакомпания паркі 35 әуе кемесінен тұрады: «Боинг 767-300ER», «Эрбас A320», «Эрбас A320neo», «Эрбас A321», «Эрбас A321neo», «Эрбас A321neo LR», және «Эмбраер E190-E2». 2023 жылға дейін компания «Boeing-787» сатып алуды жоспарлап отыр. 4 700-ден астам жұмыс орнын ұсынатын компанияның жоғары білікті қызметкерлері негізінен жергілікті және тәжірибелі шетелдік қызметкерлерден тұрады.