
2020 жылдың өндірістік қорытындылары шығарылып, 2021 жылға міндеттер қойылды.
Жалпы алғанда, қорғаныс өнеркәсібі кешенінде қазіргі экономикалық жағдайда өндірістік тұрақтылығы сақталып, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 11% өсті. Оның ішінде азаматтық мақсаттағы өнім өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен (32,7%) қамтамасыз етілді.
Қорғаныс өнеркәсібі құрамында жоғары кәсіби инженерлік-техникалық кадрлардың және қазіргі заманғы жабдықтардың болуы 2021 жылы да әуе құрылысы саласында, зымырандық-артиллериялық қару-жарақ, сауытты танктік қару-жарақ өндірісінде, медициналық жабдықтар, компьютерлік техника, байланыс құралдары, сондай-ақ мұнай жабдықтары мен темір жол саласына қажетті өнімдер өндірісінде жақсы көрсеткіштерді сақтауға мүмкіндік береді.