2019 жылғы 23 сәуірде Нұр-сұлтан қаласында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-мен бірлесіп ««КАМАЗ» жария акционерлік қоғамының жеткізуші күні» іс-шарасын өткізді. Оған түрлі саладағы қазақстандық кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестіктері қатысты.
Кездесу бағдарламасы әлеуетті өнім берушілердің өнімдері үлгілерінің тұсаукесері мен көрмесін, сондай-ақ B2B форматындағы келіссөздерді және қатысушы компаниялардың өндірістеріне баруды қамтитын жалпы бөлімнен тұрды. ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қадыр Ертай құттықтау сөз сөйледі.
Қадыр Ертай атап өткендей, Үкіметтің басым бағыты кооперациялық байланыстарды кеңейту үшін жағдай жасау және ««КАМАЗ» жария акционерлік қоғамының жеткізуші күні» практикалық, кооперациялық байланыстарды құру үшін таптырмайтын алаң.
«КАМАЗ» ЖАҚ сатып алу орталығының директоры Виктор Бурасов және компанияның басқа да өкілдері шоғырландырудың негізгі бағыттары, өндірушілерге қойылатын талаптар, бас құрастыру конвейеріне жеткізу, сондай-ақ өндірістік емес сатып алуларды жеткізу процедуралары туралы айтып берді.
Іс-шара қазақстандық компаниялардың өкілдерімен және «КАМАЗ» АҚ сатып алу жөніндегі мамандардың B2B-келіссөздерімен аяқталды. Сондай-ақ, олар отандық өндірушілердің өндірістік алаңдарына да барды.