Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Қытай Халық Республикасына барған сапарында Қытайдың автожол саласындағы жетекші «Син-Син», «CITIC» компанияларының және ЭКСИМ-Банк басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында жол құрылысы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы мәселелері талқыланды.
Кездесу «Бір белдеу, бір жол» атты ІІ Халықаралық ынтымақтастық форумы аясында өтті.