
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті жұмыс тобымен бірлесіп, 2012 жылдан бері қолданыстағы мемлекеттік қызметтердің ескірген кіші жүйесін шетелдік рұқсаттарды бөлу және берудің бизнес-процесін жетілдіру бөлігінде, оның ішінде салалық қауымдастықтар мен тасымалдаушылардың ұсыныстарын ескере отырып, пысықтау бойынша жұмыс жүргізді.
Анықтама:
2020 жылғы 21 ақпанда Министрліктің Жауапты хатшысының төрағалығымен отандық тасымалдаушылардың ұжымдық шағымдарын қарау шеңберінде, халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылды (12.03.2020 ж. № 137 бұйрық).
Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың, қауымдастықтардың, ҚазАТО, «Атамекен» ҰКП өкілдері кірді. Жұмыс тобына бақылаушылар ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және ҚР Бас көлік прокуратурасының өкілдері енгізілді.
Шетелдік рұқсаттарды бөлу мен беруді есептеудің жаңа әдістемесі әзірленді, оған сәйкес тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарды іс жүзінде пайдалануы бойынша қатаң есепке алу, тасымалдаушылар іс жүзінде пайдаланатын көлік құралдары бойынша есептеулерді қолдану, сондай-ақ жыл ішінде шетелдік рұқсаттарды тасымалдаушылар арасында неғұрлым біркелкі бөлу үшін құралдарды қолдану жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте шетелдік рұқсаттар әрбір тасымалдаушыға қажеттілігіне қарай жыл ішінде бекітілген рұқсаттарды алу мүмкіндігін бере отырып, бір жылға бекітілетін болады.
Осы шаралар отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, бланкілердің «тапшылығы», оларды үшінші тұлғаларға беру жөніндегі проблемаларды болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ отандық тасымалдаушылардың халықаралық қатынастағы үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Рұқсат бланкілерін бөлу мен беруді есептеудің жаңа әдістемесін қолдану 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын болады.
Енгізілген өзгерістермен толығырақ 1 және 2 сілтеме бойынша өтіп танысуға болады (таныстыру және түсіндіру материалдары).