Темір жол саласы жаңа жылдық кезеңдегі жолаушылар тасымалының ағынына дайындалуда

Темір жол саласы жаңа жылдық кезеңдегі жолаушылар тасымалының ағынына дайындалуда

Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыстағы 156 жұп жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда. Шектеулер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданған шешімдерге байланысты.

Алайда, 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтар аралығындағы жаңа жылдық кезеңде жолаушыларды тасымалдау үшін 704 қосымша вагон тіркемесі​ қамтамасыз етіледі.

Осылайша, 30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарлануда.

Вагондар келесі бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:

1) Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;

2) Алматы – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;

3) Павлодар-Пресногорьковская;

4) Қызылорда-Семей;

5) Ақтөбе-Атырау.

ҚР ИИДМ тасымалдаушыларға сақтық шараларын мүлтіксіз сақтау жөнінде нұсқаулар берді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі