2019 жылғы 30 сәуірде Ереван қаласында (Армения Республикасы) ЕураЭО-ға мүше-мемлекеттердің Премьер-Министрлерінің деңгейінде Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Аталған отырыс барысында «Өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологияларды трансферттеудің еуразиялық жүйесі» жобасы мақұлданды.
Осы жоба шағын және орта кәсіпорындарды ірі өндірушілердің өндірістік тізбесіне қатыстыруға, сондай-ақ инновациялық процестерді технологияларды трансферттеу арқылы ынталандыруға мүмкіндік береді.
Жоба Цифрлық күн тәртібі (2017 жылғы 11 қазандағы ЖЕЭК-тің № 12 Шешімімен бекітілген) шеңберіндегі басымды бастамаларының бірі болып табылатын «Одақтың өнеркәсіптік цифрлық кооперация» бағыты шеңберінде іске асырылуда
Одақтың өнеркәсіптік цифрлық кооперация» бағыты бойынша қарастырылатын бастамаларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов қатысты.