
Кездесулер ведомстволық бағынысты ұйымдардың, аумақтық бөлімшелердің және ірі кәсіпорындардың ұжымдарымен өтті.
Комитет төрағасы Самат Гилимов Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына барды, ал төрағаның орынбасарлары Павлодар, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтанда болды.
2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары және 2021 жылға арналған жоспарлар туралы баяндамалар тыңдалды.
Кездесу барысында Көлік саласында қабылданатын заңнама нормалары, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік әдеп қағидаларын сақтау маңыздылығы талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Комитет басшысы автожолдарды сақтау және темір жол көлігі саласындағы қауіпсіздік талаптарын орындау үшін ауыр жүк көлігіне бақылауды күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлерге медальдар мен марапаттар берілді.