Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Онда жол учаскелері мен «Жібек жолы» және «Қонысбай» өткізу пункттеріне тексеру жүргізді.
2017 жылы «Жібек жолы» өткізу пунктіне кіреберіс автожол 6 жолаққа дейін кеңейтіліп толығымен жаңартылған. Сондай-ақ, 2017 жылы ұзындығы 14 км өткізу пунктіне кіреберіс автожол орташа жөндеуден өтті, оның ішінде пунктіге (500 м) жақындау учаскесі 4 жолаққа дейін кеңейтілді. Қазіргі уақытта екі өткізу пункті кіретін автожолдың жағдайы жақсы.
Шымкент және Сарыағаш қалаларының айналма жолдарын салу жөніндегі концессиялық жоба шеңберінде I-техникалық санатқа ауыстыра отырып, кірме автожолды қайта жаңарту жоспарлануда.
Анықтама: Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасында 8 өткізу пункті бар, оның ішінде 6 өткізу пункті (Жібек жолы, Б. Қонысбаев, Атамекен, Тәжен, Сырдария, Целинный) республикалық маңызы бар автожолда және 2 өткізу пункті (Қазығұрт, Қапланбек) жергілікті автожолдарда орналасқан.
Сонымен қатар, вице-министр «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожол дәлізінің бір бөлігі болып табылатын «Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы» учаскесінде болды. Учаскені тексеру нәтижелері бойынша «Evrascon» ААҚ мердігер ұйымы және «Temelsu/Consalt Ltd» инженерлік қызметі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді, онда оларға тоннель құрылысы бойынша жұмыстарды жеделдету, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауға алу тапсырылды.