«Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесінің кезекті отырысы өтті

 «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 3 мамыр күні ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, сондай-ақ "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі "АҚ, "ҚазАгро" Холдингі "АҚ және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту шеңберінде басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске асыру мониторингі бойынша жобалық кеңсенің отырысы өтті.»

Отырыс барысында ағымдағы жылдың 24 сәуірі мен 3 мамыр аралығындағы жобалық кеңсенің жұмыс қорытындылары, сондай-ақ басым жобаларды жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы шеңберінде кредиттеу үшін тізбеге өңдеу өнеркәсібі саласының тауарларын енгізудің орындылығы, заңсыз айналыммен күрес бойынша жұмыс тәсілдері туралы және т.б мәселелер талқыланды.

Министр Роман Скляр ҚР ИИДМ-нің осы бағыттағы жұмысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, министрлік қосымша ЭҚЖЖ-ның (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) қалыптастырылған тізімін қарады. Қорытынды бойынша машина жасау, құрылыс материалдары, химия, жеңіл өнеркәсіп және т. б салаларындағы тауарлардың 21 жаңа түрі бойынша салалық қорытынды дайындалды.