2019 жылдың 3 мамыр күні "Нұр Отан" партиясы "Бірлік" аумақтық филиалының "Даму" БПҰ-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ирина Унжакова мен Евгений Козлов, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясы "Бірлік" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметовпен кездесу өтті.
Жиын Министрліктің Жауапты хатшысы Мереке Пішембаевтың төрағалығымен өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын және ҚР Парламенті Мәжілісінің заң шығару қызметін талқылау, БПҰ Бюро құрамын және төрағасын сайлау мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша «Даму» БПҰ төрағасы болып Мереке Пішембаев, сонымен қатар, Төрағаның орынбасарлары - Арман Шаккалиев және Меруерт Ибраева, Жастар саясаты жөніндегі орынбасары - Данияр Қалимолдаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің басшысы - Айдар Алиақпаров, Мәдени - бұқаралық және спорт тобының жетекшісі - Ерлан Жұмашев, Партиялық бақылау жетекшісі - Искандер Хамитов, Хатшысы-Зайра Қайшарова болып сайланды. Сондай-ақ жиында "Нұр Отан"партиясына жаңадан қабылданған мүшелеріне партия билеттері салтанатты түрде табыс етілді.


