
2020 жылғы 20 желтоқсанда сағат 10-00-де «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) сататын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), атап айтқанда құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағалары» жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өтеді.
Нұр-Сұлтан қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» 2020 жылғы 20 қарашадағы № ПГСВ-248 қаулысына сәйкес жиналыс бейне-конференция байланысы режимінде өтеді.
Бейне конференция «Zoom» бағдарламасы арқылы өтеді.
Қатысу үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет:
https://us02web.zoom.us/j/85879294553
Идентификатор конференции: 858 7929 4553.
Тіркелуге кететін уақытыңызды үнемдеу үшін, сондай-ақ сұрақтарыңызға жауап беру кезінде сізбен байланысуға мүмкіндік беру үшін толық аты-жөніңізді, ұйымыңызды (қажет болса) көрсетуді сұраймыз.
Бейне конференция режиміне қатысуға мүмкіндігі жоқтар мына мекенжайға келе алады: Нұр-Сұлтан қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, 1-қабат, мәжіліс залы. Сонымен бірге сіздерден бетперде кию, арақашықтықты сақтау, антисептиктерді қолдану сияқты талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз.
Барлық қатысушылар үшін тіркелу қажет.
Тіркеу 9 сағат 30 минуттан 9 сағат 55 минутқа дейін жалғасады.