
ICAO Жаһандық авиациялық дайындық кеңсесінің дауыс беру нәтижелері сәйкес бойынша «Казаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы Trainair Plus ICAO басқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды. Осы сайлаудың нәтижелері азаматтық авиация мектептерінің шетелдік өкілдері алдында «Казаэронавигация» РМК-ның тиісті деңгейін көрсетеді, сондай-ақ Кәсіпорынның тиімді халықаралық халықаралық қарым-қатынасының куәсы.
Катар авиация академиясы, Гонконг халықаралық авиация академиясы, Египет азаматтық авиация академиясы сынды азаматтық авиация мектептерінің көшбасшыларын басып озып, «Қазаэронавигация» РМК басқарушы комитеттің мүшесі болып 3 жылдық мерзімге сайланды.
Аталған комитетке мүшелік Орталыққа азаматтық авиация саласында мамандар даярлау жөніндегі халықаралық қоғамдастықта өзара іс-қимыл жасауға және ынтымақтастық орнатуға, сол арқылы тез өзгеретін жаһандық даярлық жағдайында маңызды стратегиялық шешімдерге қатысуға және халықаралық деңгейде өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Trainair Plus ICAO басқарушы комитетінің мүшелігіне кіру Орталыққа бағдарлама бойынша одан әрі ілгерілеуге және Өңірлік оқу орталығы мәртебесін алу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Анықтама үшін:
«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы 2016 жылдан бастап Trainair Plus ICAO бағдарламасының толық құқықты мүшесі болып табылады. Бұл мәртебе Кәсіби дайындау орталығын ICAO стандарттарына сәйкес келетін халықаралық авиациялық оқу орталығы ретінде танытады. Бұл даярлықтың жоғары стандарттарын қолдауға, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, ICAO оқу курстарының кітапханасына қол жеткізуге мүмкіндік береді және мамандарды әлемде танылған сертификаттармен бірыңғай стандарттар бойынша даярлауға мүмкіндік береді.
Осы бағдарлама бойынша жұмыс аясында Кәсіби дайындау орталығы курстарының сертификатталған әзірлеушілері ИКАО стандарттарына сәйкес 4 стандартталған оқу-әдістемелік курс әзірледі. Аталған курстар ИКАО оқу курстарының кітапханасында тіркелген. Олар сәтті жүзеге асырылуда және осы курстар бойынша тыңдаушыларға ИКАО сертификаттары беріледі. ICAO курстары бойынша Орталығында Қазақстаннан және басқа да шет елдерден 181 маман оқытылды.