ҚР ИИДМ ұжымы атынан ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтау

ҚР ИИДМ ұжымы атынан ҚР Тұңғыш Президенті күнімен  құттықтау

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы баршаңызды еліміздің мәртебелі мемлекеттік мерекесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды.

Бұл мерекенің халқымыз үшін мән-маңызы ерекше. Бұл - бүкіл қазақстандықтардың тарихи таңдау жасаған күні. Дербес мемлекет ретінде еліміздің іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа айқын бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президентіне деген терең қадір-құрметінің жарқын көрінісі. Ұлт көшбасшысы тарихи шешуші кезеңде өзіне зор сенім артқан халқын өркениетке жетелеп, Қазақстан бүгінде әлемдік қауымдастық санасатын беделді елге айналды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан даму мен өркендеу жолымен жүріп, барлық салада елеулі жетістіктерге жетті. Әлем халқы елімізді көптеген игі істермен танып білді. Бұл – салиқалы саясат, жүйелі жоспар мен қажырлы еңбектің арқасы екені ақиқат. Еліміздің алар асуы одан да биік, болашағымыз жарқын екеніне сеніміз кәміл.  

Жылдан жылға басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Бейбітшілік мен Ұлттық бірлігіміз нығая берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға ырыс пен береке тілейміз!