Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы автожол жобалары аяқталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы автожол жобалары аяқталды

2020 жылдың құрылыс маусымын тәмәмдай келе жолшылар реконструкциядан өткен учаскелерді пайдалануға тапсырды. Атап айтсақ,  Көкшетау қаласы арқылы өтетін «Нұр-Сұлтан -Петропавл» тасжолының 282-289 км. Аталған учаске Ақмола облысында орналасқан. Оның ұзындығы 7 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, 47 шақырым болатын Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары да қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысындағы «Бейнеу-Ақжігіт» автожолының ұзындығы 22 шақырым болатын 63-85 км учаскесі де тапсырылды.  

  • Көкшетау қаласы арқылы өтетін «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 282-289 км. Ұзындығы – 7 шақырым. Мердігер – «Казахдорстрой» ЖШС. Аталған учаске төрт жолақты 1б техникалық категориясының барлық параметрлеріне сай келеді. Бүгінгі таңда барлық құрылыс-монтаждық жұмыстар 100%-ға аяқталды.
  • Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары. Жалпы ұзындығы – 47 шақырым. Төрт жолақты және бірінші категориялы жаңа тасжол тәулігіне 20 мың автокөлікті қабылдауға қауқарлы. Жоба қала көшелеріндегі көлік ағынын азайтады. Сәйкесінше шаһардағы автожолдардың тозуын анағұрлым төмендемек. Бұдан басқа, апаттық жағдайлардың қысқаруы мен экологияны жақсартуға септігін тигізеді.
  • "Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасы шекарасы» 63-85 км. Ұзындығы – 22 шақырым. Аталған учаскелер Өзбекстан Республикасының Нукус қаласына жақын Бейнеу, Сыңғырлау және Ақжігіт елдімекендерінің бойында орналасқан. Реконструкциялау жобасына сәйкес жол IІ- техникалық категорияға сәйкес келеді. Бүгінде аталған учаске пайдалануға тапсырылды.

Аталған барлық автожол жобалары инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Қазір барлық учаскелерде қозғалыс толық көлемде ашылған. Азаматтардың жайлылығын жақсарту мақсатында автокөліктердің қауіпсіз жүруіне жағдай толығымен жасалған.

2020 жылы қолданысқа берілген тағы бір жоба – «Семей-Қайнар» жолындағы көпір. Ұзындығы 97,72 метр болатын көпір «Семей-Қайнар» автожолының 111 шақырымында тұрғызылды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Ащысу өзені арқылы өтеді. Аталған учаскені күрделі жөндеудің арқасында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің Ащысу өзені арқылы қауіпсіз әрі үздіксіз өтуі қамтамасыз етілген.