
Министрлік Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес ішкі нарықта индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін ілгерілету бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу арқылы отандық кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетеді.
Бүгінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің ішкі нарықтағы шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес (Министрліктің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығы) өтеу кәсіпорындардың сертификаттау кезінде шеккен шығындары бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар, 2020-2025 жылдарға арналған ИИДМБ шеңберінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыруды қоса алғанда, өнімділігі жоғары орта бизнесті қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде сәйкестендіру құралдарын сатып алуға және клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтар жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеуге арналған шараларды айқындау көзделген.
Сондай-ақ, жиһаз өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде ішкі нарықта тауарларды жеткізуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шарасын көздеу қажет.
Осыған байланысты, шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қолдаудың мынадай жаңа құралдарын енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша бұйрықтың жобасы әзірленді:
1. сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық жеткізгіштерді салуға арналған жабдықты, сондай-ақ инженерлік бағдарламалық қамтылымды сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға;
2. сәйкестендіру құралдарын сатып алуға (сатып алуға) ;
3. клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтар (зерттеулер) жүргізуге);
4. тауарларды ішкі нарықта жеткізуге.
Қазіргі уақытта бұйрық жобасы бойынша мемлекеттік органдарда келісілім жұмыстары жүргізілуде