
«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық кооперативтері және басқа экономикалық нысандары қауымдастығы және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты сертификаттау орталығы» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қабылданды. Тиісті құжатқа Мейержан Майкенов, Қазыбек Шайх және Аркадий Рубцов қолдарын қойды.
Меморандумның мақсаты тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту, өзара түсіністік, сыйластық және сенімділік қағидаттары бойынша саланы жаңарту бойынша жетістіктер мен тәжірибені бірлесіп пайдалану.
Мемлекеттік сектор атынан ТҮКШ саласының операторы «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастық үшін ашық және барлық мүдделі тараптарға, азаматтарға да, бизнес өкілдеріне де Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы аясында үйлерді басқарудың жаңа формалары жайында, мүліктің меншік иелері бірлестігін (МИБ) және жай серіктестікті (ЖС) енгізу, сондай-ақ көптеген мәселелер бойынша жан-жақты көмек көрсетеді. Сонымен қатар «ТҮКШ ҚазОрталығы» ҚР аймақтарында, мемлекеттік бюджеттен ешқандай қаржыландыру талап етпейтін, жергілікті халықпен жұмыс жасау мақсатында Жобалық кеңселер құру мәселелері бойынша белсенді жұмыс атқаруда.