
Бүгін Үкімет отырысында Түркістан қаласының 2035 жылға дейінгі кезеңге арналған қала өмірін қамтамасыз етудің негізгі параметрлері анықталған инфрақұрылымдық даму бас жоспары бекітілді.
«Жоба қаланың түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамуын ескере отырып, жоспарлы құрылысын көліктік және инженерлік коммуникациялар жүйесімен, туризм инфрақұрылымымен қамтамасыз етуді көздейді. Жоба халық санының 350 мыңға дейін өсімін және туристер ағынын ескере отырып әзірленді»,-деді ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
Көліктік инфрақұрылым параметрлері
Бас жоспарды іске асыру аясында көлік объектілерінің жолаушыларды өткізудегі тәуліктік мүмкіндігі артады, атап айтқанда:
Көлік ағынын жақсарту үшін ұзындығы 1069 шақырым қолданыстағы магистральдық көшелерді кеңейту және жаңадан салу көзделген. Автобус бағыттарының ұзақтығы 533 шақырымнан 850 шақырымға дейін артады.
Сумен жабдықтау
Иқансу-Қытай кен орнының жерасты сулары есебінен қорлар кеңейтіліп, ұзындығы 198 км су құбыры желілері салынады. Бұл ауыз суды күнделікті тұтыну мүмкіндігін тәулігіне 35 тыс. м3 –ден 153 мың м3 дейін арттырады.
Қалада қосымша ұзындығы 145 км кәріз желілері, қуаты тәулігіне 75 мың м3 болатын қосымша 3 кәріздік-тазарту құрылғысы салынады (әрі қарай қуаты тәулігіне 125 мың м3 дейін жеткізіледі).
Жылумен және газбен жабдықтау
Жобада 2 жаңа бу-газ қондырғысын салу және қолданыстағы қазандықтар мен жылыту пештерін табиғи газға ауыстыра отырып, жылумен қамту көлемін 486 Гкал/сағаттан 1020 Гкал/сағатқа дейін арттыру көзделген.
Бүгінгі күні қала Бейнеу-Шымкент магистральдық газ құбырынан АГТС-«Түркістан» және АГТС-«Ескі Иқан» газ тарату станциялары арқылы қамтамасыз етіледі. 2050 жылға қарай бұл станциялардың өнімділігін жылына 130 млн. м3 - ден 210 млн. м3 дейін арттыру жоспарланған.
Электр энергиясымен қамтамасыз ету
Қазіргі уақытта қалада қаланың электр тұтынуы 170 мың адамға есептелген.
Бас жоспар жобасында 8 қосалқы станцияны салу есебінен электр станцияларының қуатын 83 млн. кВт/сағаттан 434 млн. кВт/сағатқа дейін ұлғайту көзделген.
Қосымша электрмен жабдықтаудың баламалы көзі ретінде күн электр станциясының құрылысы көзделген. Күн панельдері сондай-ақ көшелерді жарықтандыру және суды жылыту үшін қолданылады.
ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі