
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін 2021 жылға арналған жыл сайынғы аккредиттеуді өткізеді.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiші;
2) Салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі ұсынады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 2-13 қараша аралығында (жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін) +7 (7172) 98-33-10, 98-31-35, 98-32-61, 98-32-27. Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1 мекен-жайы бойынша орналасқан «TRANSPORT TOWER» ӘТК Министрліктің кеңсесінде жүргізіледі.