ҚР ИИДМ көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын жаңа редакцияда бекітті

ҚР ИИДМ көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын жаңа редакцияда бекітті

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы 22 қазанда «Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 549 бұйрық бекітілді.

Бұйрық Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына тұрақты, тұрақты емес және тексимен жолаушылар мен багажды тасымалдауына, сондай-ақ жүргізушілерінің еңбек және тынығу режимін автомобиль жолдарында бақылау тәртібін енгізуді көздейді.

Қағидалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған бекеттер қызметкерлерінің жұмысына бақылауды күшейту нормаларымен толықтырылған.
Бұдан басқа, толықтырулар жылжымалы бекеттердің артықшылығын қолдануға мүмкіндік беретін болады. Мысалыға, жедел-профилактикалық іс-шараларда тікелей қатысу және Көлік комитетінің сенім телефонына келіп түсетін азаматтардың өтініштері бойынша шығу.

Ағымдағы жылдың басынан көліктік бақылау бекеттерінде 77 598 автокөлік құралдары тексерілді, олардан 33 601 отандық және 43 997 шетелдік.
Көлік заңнамасының 17 286 бұзушылығы бар барлығы 13 294 автокөлік құралы анықталды, оларға 479,6 млн. теңге айыппұл және 181,6 млн. теңге жүріп өтуге алым сомалары салынды.

Көлік заңнамасын бұзуды анықтаған жағдайда Көлік комитетінің Ахуалдық орталығына 8-7172-98-35-35 сенім телефонына және What’s App мессенджері (+7708-088-0800) арқылы тәулік бойынша хабарласуға мүмкіндік бар.