
Ағымдағы жылдың 28 қазанында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат Институтының құқықтық мониторинг орталығымен бірлесіп Youtube видеохостинг арқылы «Құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі» тақырыбында вебинар өткізілді.
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау және болжау мақсатында жүргізіледі.
Семинарға қатысушылар заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу мәселелерін, құқықтық мониторинг жүргізу кезеңдерін, сондай-ақ қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, азаматтардың заң шығару процесіне қатысуының түрлі тетіктерін талқылады.
Вебинар қорытындысы бойынша ҚР Әділет министрлігінің корпоративтік порталында есептік ақпаратты ресімдеу және толтыру бойынша ұсынымдар берілді.