85 мың қазақстандық жаңа баспанаға қолжеткізе алады

85 мың қазақстандық жаңа баспанаға қолжеткізе алады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, тұрғын үй құрылысы бойынша ағымдағы жылдың  9 айының қорытындысы бойынша 9,6 млн. м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 109%-ды құрайды.

Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қазақстан бойынша барлығы 85 418 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде – 30 760 жеке үй, 54 658 пәтер.

Баспана құрылысы саласына инвестиция көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,2% өсіп, 1 256 млрд. құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі 14 өңірде байқалады: ол Жамбыл (109,5%), Солтүстік Қазақстан (112,9%), Қостанай (107,9%), Шығыс Қазақстан (108,1%), Алматы (107,6%), Қарағанды (103,3%), Ақмола (103,4%), Батыс Қазақстан (105,7%), Ақтөбе (103,6%), Қызылорда (100,4%), Павлодар (110,6%) облыстары мен Нұр-Сұлтан (154,2%), Шымкент (111,3%), Алматы (108%) қалалары.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері қарқынының төмендеуі республиканың 3 өңірінде байқалады: ол Атырау (71%), Түркістан (95,9%) және Маңғыстау (96,8%) облыстарында.

Қосымша ақпарат: төмендеу жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлерді іске қосу көлемінің азаюы есебінен негізделген.