
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы деректеріне сәйкес, құрылыс бойынша нақты көлем индексі 110,5% - ды құрады (жоспар бойынша 101,1%). 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындылары бойынша 16 өңірде оң динамика байқалады. Ең үздік көрсеткіш - Шымкентте (178,4%), Түркістан (175,9%) және Жамбыл (138,1%) облыстарына тиесілі.
Көрсеткіштің төмендеуі тек қана бір өңірде - Қызылорда облысында (50,8%), магистралдық газ құбырларын салу бойынша жұмыстардың аяқталуы есебінен байқалады.
Қосымша ақпарат:
Өңірлердегі тоғыз ай қорытындысы бойынша құрылыс көлемі:
Түркістан (175,9%), Жамбыл (138,1%), Шығыс Қазақстан (128,6%), Солтүстік Қазақстан (114,1%), Қостанай (117,7%), Ақтөбе (116,4%), Алматы (111,6%), Ақмола (110,6%), Атырау (103%), Павлодар (109,1%), Батыс Қазақстан (102,7%), Маңғыстау (119,6%), Қарағанды (106,8%) облыстар мен Шымкент (178,4%), Алматы (106,9%), Нұр-Сұлтан (101,2%) қалалары.