
Құрылыс салынған аумақ пен оны пайдалану мониторингі үшін «Мемқалақұрылыскадастры» РМК және оның өңірлік филиалдары елді мекендердің инженерлік коммуникацияларына түгендеу (базалық деңгейлердің цифрлық негізін құру) жүргізеді.
Ағымдағы жылы республикалық бюджет шеңберінде облыс орталықтары –Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Орал, Өскемен, Ақтау және Шымкент қаласының 9,7 мың га аумағына түгендеу жүргізілуде.
Жеделдетілген цифрландыру шеңберінде жергілікті бюджеттердің қолдауымен өңірлердегі елді мекендердің жалпы ауданы 3,5 мың га инженерлік коммуникацияларына түгендеу жүргізілуде: Жамбыл облысының Қордай, Б.Момышұлы атындағы, Мерке, Құлан, Сарыкемер ауылдары, Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Ертіс ауылы, Түркістан облысының Шаян ауылы, Батыс Қазақстан облысының Орал және Ақсай қалалары, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы.
Түгендеу арқылы қала құрылысы кадастрының деректерін цифрландыру деңгейі республика бойынша 2020 жылдың соңына қарай 30 %-ға артады.
Анықтама:
Инженерлік коммуникацияларды түгендеу – инженерлік-геодезиялық ізденістердің түрі инженерлік коммуникациялардың барлық объектілерінің (сумен жабдықтау, кәріз, су бұру, электрмен жабдықтау, байланыс, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, көшені жарықтандыру, жол қозғалысын ұйымдастыру және т.б.) дәл кеңістіктік жағдайын және негізгі техникалық сипаттамаларын айқындайды. Түгендеу нәтижесінде барлық коммуникациялардың орналасқан жері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын электрондық карта деп аталатын қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (МҚК ААЖ) геоақпараттық деректер қоры құрылады.