
Астанада Qаzaqstan Technology Forum Ұлттық инновация конкурсы мен 2018 жылғы Инновациялық компаниялар рейтингі жеңімпаздарын марапаттады. Конкурстың жалпы жүлделік қоры 28 699 000 теңгені құрады, сонымен қатар жеңімпаздарға Сингапурда оқу мүмкіндігі табыс етілді. Рейтинг көшбасшылары Манилдегі «Business Innovation Congress» жыл сайынғы Конгрессіне билеттер алды.
Инновациялық конкурс мектеп оқушылары, студенттер, стартапшылар, журналистер мен аймақтар арасында өткізілді. Жеңімпаздарды Қазақстанның стартап-экожүйесінің беделді көшбасшыларынан тұратын тәуелсіз комиссия, сонымен қатар әртүрлі БАҚ басшылары қатарынан тұратын комиссия анықтады. «Ең инновациялы белсенді аймақ» номинациясында Астана қаласы жеңді, атаулы статуэтка астана әкімдігінің өкілдеріне берілді. Берілген номинациясындағы жеңімпаз 2017 жылғы инновациялар бойынша статистикалық деректер қорытынды негізінде анықталды.
«Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы ең үздік технологиялық шешім» номинациясында «Tre medio» командасы жеңімпаз болып танылды, ол инновация саласындағы көшбасшы мемлекеттердің бірі – Сингапурде технологиялық кәсіпкерлік бойынша оқу курсына сертификат түрінде табысталды. Берілген номинацияда екінші орынды және 800 000 теңге сомасына сертификат куәлігі «Құбыр тазалағыштар» тобы иеленсе, үшінші орынды (400 000 теңге) қаржылай қорымен – «Екі еселенген Алихан» командасы жеңіп алды.
«Студенттер арасында ең үздік технологиялық шешім» номинациясының жеңімпаздары «Turan» командасы Сингапурда оқу куәлігімен марапатталды. Берілген номинацияда екінші орынды (800 000 теңге) «ТОП – өрістерді нүктелі өңдеу» тобы иеленсе, үшінші орынмен (400 000 теңге) «To’le» тобын марапаттады.
«Стартапшылар арасында ең үздік технологиялық шешім» номинациясының жеңімпазы «AlatauRoboTechnologies» командасы, ол Сингапурда оқу сертификатын жеңіп алды.
Екінші орынды және 800 000 теңге куәлігі «AstanaBiomedGroup» командасына берілді. Берілген номинацияда үшінші орынды (400 000 теңге) қаржылай куәлігін «ZRENIE» командасы иеленді.
«Инновациялық тақырыптағы ең үздік материал» номинациясында бірінші орынды орыс тілінде Николай Энелан иеленді және мемлекеттік тілде Ерболат Мұхамеджан иеленді. Әрбір жеңімпазға 1 300 000 теңге сомасында сертификат берілді. Берілген номинацияда екінші орынмен орыс тілінде Константин Харламовты, мемлекеттік тілде Мейірлан Алтынбекті марапаттады, олардың әрқайсысы 900 000 теңгеден қаржылай сыйлық алды. Сондай – ақ үшінші орынды және 500 000 теңгенің куәлігін орыс тілінде Юрий Масанов, мемлекеттік тілде Маханбетов Қанат иеленіп отыр.
«KazDATA» (www.kazdata.kz) арнайы жүлдесімен маркетингтік жоспарды әзірлеген үшін «Lady Pate» студенттер командасы марапатталды.
Бұдан басқа биылғы жылы алғаш рет жеңімпаздары халықтың дауыс берумен анықталатын жеке жүлде қарастырылған. «Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы ең үздік технологиялық шешім» номинациясында «SmartHomeGroup» командасы жеңімпаз болып танылды. «Студенттер арасында ең үздік технологиялық шешім» номинациясында «Синклит» командасы марапатталды. «Стартапшылар арасында ең үздік технологиялық шешім» номинациясында «Murzabekov» командасы жеңді. «Инновациялық тақырыптағы ең үздік материал» номинациясында орыс тілінде Құрманғалиева Әсел марапатталды. «Инновациялық тақырыптағы ең үздік материал» номинациясында мемлекеттік тілде Сапашов Дастан марапатталды. Халықтың дауыс беруімен анықталған барлық жеңімпаздарға 200 000 теңге сомасына чектер табыс етілді.
Рейтинг қатысушыларын тәуелсіз сарапшылары және «ТДҰА» АҚ технологиялық бағасымен бағаланды. Қазақстанның ең инновациялық компаниялары мыналар болды: «WebTotem» ЖШС– бірінші орын; «Астананы тұрақты дамыту орталығы» - 2 орын; «Softlink» ЖШС - 3 орын; «Advanced business Technologies» ЖШС –4 орын; ««САПА» Ресурс үнемдейтін технологиялардың ғылыми-өндірістік орталығы» - 5 орын; «Орал Трансформаторлық Зауыты» ЖШС - 6 орын; «АЛСЕКО» АҚ – 7 орын; ««Жалын» ғылыми өндірістік-техникалық орталық» ЖШС -8 орын; «BBV DATA SCIENCE ЖШС -9 орын; «iSate» ЖШС -10 орын.
Астана қаласының ең инновациялық компаниялары мыналар болды: «ЦУРС» ЖШС - «Ең өнімді инновация»; «Isate» ЖШС -«Ең ұйымдастырылған инновация»; «Еңбек 2010» ЖШС - «Ең маркетингтік инновация»; «ALORA IT Solutions» - «Ең қарқынды инновация».
Бұдан басқа, Конкурс және Рейтинг жеңімпаздары дипломдар, мадақтамалар, сертификаттар мен статуэткалар алды.
Конкурсты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мектеп оқушылары, студенттер, стартапшылар, журналисттер және аймақтар арасында номинациялар бойынша өткізді.
Рейтингті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік MOST бизнес-инкубатормен, «Astana Innovations» және «Business Innovation Congress» бірігіп, халық арасында технологиялық кәсіпкерлікті дамыту және инновациялық белсенділікті ынталандыру мақсатымен ұйымдастырды.

















