«Көкшетау қаласы арқылы «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолында бетон жолдарды қорғауға арналған технология апробацияланды

«Көкшетау қаласы арқылы «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолында бетон жолдарды қорғауға арналған технология апробацияланды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «UneedUs» компаниясымен және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен» бірлесіп, автомобиль жолдарының цементбетон жабындыларын қорғауға арналған Endurablend полимерлік қабатын апробациялады. Жаңа әдіс тәжірибелік-эксперименттік участкеде, атап айтсақ, «Көкшетау қаласы арқылы «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының 19-ыншы және 69-шақырымында қолданылды.    

«UneedUs» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің берген мәліметінше, Endurablend технологиясының арқасында жабындының беріктік қасиеті анағұрлым артады. Ал оның құрамындағы минералды материал жолдың кедір-бұдырлығын қалпына келтіруге сеп болады. Бұдан бөлек, небәрі 4 мм болатын жіңішке қабат қолданыстағы жабындымен жақсы ілініседі. Толық тығыздалып, қыс уақытында да шыдас бермек. Полимерлік қабат төселгеннен 30-40 минут өткен соң автокөліктердің қозғалысын ашуға болады екен.

«Көкшетау қаласы арқылы «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының тәжірибелік-эксперименттік участкелерін мамандар бақылап, арнайы зерттеулер жүргізетін болады. Оң нәтижелер алған жағдайда цементбетонды жабындыларды пайдалану мерзімі ұлғайтылады деп күтілуде. Ашық саңылаулар герметизацияланып, жөндеу мен күтіп-ұстауға қажетті шығындар едәуір қысқартылмақ.