ТМД-да құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологияларын қолдану бойынша мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жоспарланып отыр

ТМД-да құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологияларын қолдану бойынша мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жоспарланып отыр

Құрылыс саласындағы ақпараттық модельдеу технологияларын қолдануға қойылатын бірыңғай базалық талаптарды ТМД елдері үшін әзірлеу жоспарланып отыр. Тиісті уағдаластықтарға Мәскеу қаласында құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу мәселелері бойынша ТМД қатысушы мемлекеттерінің Базалық ұйымындағы Құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссияның кеңейтілген оытрысының шеңберінде қол жеткізілді.

Сонымен бірге, Комиссияның келесі отырысына Беларусь Республикасының (БР), Қазақстан Республикасының (ҚР) және Ресей Федерациясының (РФ) сарапшыларымен ақпараттық модельдеу технологиялары саласында екі стандарттың алғашқы редакцияларын ұсыну жоспарланып отыр: «Терминдер мен анықтамалар» және «Объектінің ақпараттық моделі (ОАМ)», бұлар бұдан әрі мемлекетаралық стандарттар ретінде Үкіметаралық кеңеске бекіту үшін шығарылатын болады.

Оған қоса, Комиссия сарапшыларымен құрылыстағы бірыңғай жіктеу және кодтау жүйесін БР-на, ҚР-на және РФ-на енгізу мәселелері бойынша жұмыстардың үйлестіру, дәлірек айтқанда,  2018 жылдың 31 наурызына дейін ТМД үшін ISO 81346-12 стандартын орыс тіліне бірыңғай аудармасын пысықтау, ISO 81346-1, ISO 81346-2 және ISO 81346-12 стандарттарын ұлттық деңгейде іске қосудың мерзімдерін болжау, сондай-ақ Комиссия секретариаты ISO 81346 негізінде жіктеу мәселелерін талқылау үшін Комиссия сарапшылары үшін интернет-алаң ұйымдастыру қажеттілігі орнатылды.

Сондай-ақ құрылыстағы ақпараттық модельдеу саласында бірыңғай терминология тізбесін пысықтау мәселесі талқылауға шығарылды, оның нәтижесінде отырыс қатысушыларымен оны Комиссия стандарты түрінде ресімдеу және оны мемлекетаралық ретінде қабылдау мүмкіндігін пысықтау шешімі қабылданды.

«ТМД елдерінде ақпрааттық модельдерге бірыңғай терминдер мен талаптар бұдан әрі мемлекетаралық үйлестірудің күрделі процестерін болдырмауға мүмкіндік береді. Комиссия қызметінің шеңберінде бірлескен зерттеу жұмысы ұйымдастырылатын болады, осының арқасында  нормативтік-техникалық құжаттарды цифрлық түрде ұсыну механизмі анықталатын болады», - деп түсіндірді Александр Шахнович, Құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссия басшысы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры. 

Комиссияның кеңестілген отырысының шеңберінде Комиссия басшысы Қазақстан Республикасындағы құрылыс объектілерін жобалау кезінде ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндамасын ұсынды.

Мәскеу қаласында Ресейдің, Қазақстанның, Беларусьтың,Тәжікстанның, Әзірбайжанның 50-ден астам сарапшылары қатысқан Құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысының ұйымдастырушылары Құрылыстағы нормалау, стандарттау және техникалық бағалау федералды орталығы («ФСО» ФАМ) болды. Іс-шараның шеңберінде Ресей Федерациясының Комиссия сарапшысы Алексей Сидорин «ФСО» ФАМ өкілі ретінде құрылыстағы бірыңғай цифрлық платформаны іске асыруды әзірленетін және қолданыстағы ақпараттық жүйелер үшін бірыңғай интеграциялық шешім ретінде көретінін айтты.

Құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы Мәскеу қаласында «Сколково» технопаркінде «Тұрақты даму үшін ақылды қалалар» алғышқы халықаралық Форумының шеңберінде өтті.

 

Анықтама

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды  және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 

Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 87 жылдық тәжірибесі бар.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

В СНГ планируют разработать межгосударственные стандарты по применению информационного моделирования в строительстве

В СНГ планируют разработать межгосударственные стандарты по применению информационного моделирования в строительстве

В СНГ планируют разработать межгосударственные стандарты по применению информационного моделирования в строительстве

В СНГ планируют разработать межгосударственные стандарты по применению информационного моделирования в строительстве