
Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы ел. Оның үлесі шамамен 70%-ды құрайды.
«Биыл 9 айда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 21,6%-ға артып, 7,5 трлн. теңгені құрады (2017 жылдың 9 айы бойынша - 5,7 триллион теңге). Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 15,4%-ға ұлғайып, 12,3 млрд. долларды құрады (2017 жылдың 1-жартыжылдығында 10,5 млрд. АҚШ долларын құрады)», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Атап айтқанда өсім мына салаларда байқалды: тау-кен өнеркәсібі – 6,7 млрд. долл. (өсім 13,6%), көлік – 393,3 млн. долл. (өсім 21,7%), сауда – 2,0 млрд. тенге (өсім 37,3%), қаржылық және сақтандыру қызметі – 359,5 млн. долл. (өсім 1,7 есе), ақпарат және байланыс – 124,2 млн. долл. (өсім 5,7 есе).
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлт жоспары - 100 нақты қадам аясында Министрлік трансұлттық компанияларды (ТҰК) тарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Шамамен 10,6 млрд. доллар болатын 34 жобадан Трансұлттық компания жобаларының тізімі жасалды (12 жоба іске асырылуда, 22 жоба пысықтауда).
«Жалпы сомасы 1,4 млрд. доллар болатын 12 жоба іске асырылу сатысында, биыл оның ішіндегі құны 1 млрд. доллар болатын 8 жоба қарқынды түрде іске асырылуда. Маңызды жобалардың арасынан инвестиция көлемі 83 млн. доллар Техникалық газ өндіретін немістің Linde Group компаниясын, инвестиция көлемі 165 млн. доллар картоп өңдейтін голландиялық фирманы, инвестиция көлемі 70 млн. доллар жоғары сапалы әк өндіретін бельгиялық Carmeuse Group компаниясын, инвестиция көлемі 220 млн. доллар сода күлін өндіретін түріктің Yildirim Holding компаниясын, инвестицияларының көлемі 194 млн. доллар болат құбырларын шығаратын қытайдың CNPC және цемент өндіретін China Gezhouba Cem компанияларын атауға болады», - деді жобалар туралы айтқан министр.
Жалпы сомасы 9,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын 22 жоба пысықталуда. Бұлардың арасынан майлауға арналған жоғары сапалы май өндіретін қытайлық Citic Group, алюминий өнімдерін шығаратын жапондық Hanacans, өсімдік майын өндіретін Marubeni, француздық фармацевтикалық препараттар өндіретін Servier жобаларын атауға болады.
Сондай-ақ министрдің ақпараты бойынша, заңнамаға өзгерістер енгізіліп, рұқсат беру, салық салу, кедендік бақылау жүйелері, көші-қон визалық режимі жеңілдетілген. Қазақстанда азаматтары визасыз режиммен келіп кететін елдердің тізімі кеңейтілді. Олардың саны қазір 62. Бұл тізімге Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының барлық елдері кіреді.
Фото мұрағаттан алынды