
Бұл туралы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері көтерілген Үкімет отырысында белгілі болды. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, құрылысқа жер бөлу мәселесі толық шешілді, учаскелерде техниканың және жұмысшыларды жұмылдыру аяқталды, карьерлер рәсімделді.
«Толықтай құрылысқа жер бөлу мәселесі шешілді, учаскелерге техникамен жумысшылар жұмылдырылып, карьерлер рәсімделді. 2021 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтап, жолды ақылы негізде пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс кезеңінде 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Жол тәулігіне 38 мың автокөлік құралының қала сыртына шығуына мүмкіндік береді. Бұл қалада көліктердің қаптап кетуінің алдын алады және қаланың экологиясына оң әсер етеді», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісінің құрылыс жобасы бойынша осы айдың соңында ең жақсы техникалық ұсыныстарды анықтауға конкурс жарияланады. Жалпы жоба, Алматы станциясын 40 %-ға жеңілдетуге және сол арқылы транзитпен жүретін жүктерді тасымалдау мерзімін 2 тәулікке қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, министрлік «Түркістан облысының жедел автомобиль жолдарын салу және пайдалану» концессиялық жобасы бойынша жұмыс жүргізуде.
«Жоба аясында Шымкент қаласының оңтүстік-батыс айналма жолын (48 км), Сарыағаш қаласының айналма жолын (55 км), Абай-Қызыләскер учаскесін (34 км) салуды және Қызыләскер-Шыназ Қонысбаев өткізу пунктіне (14 км) дейінгі кіреберістің құрылысын жүргізу көзделуде. Жоба Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк айналымы көлемін ұлғайтуға, тәулігіне 25 мың автокөлік құралын Шымкент пен Сарыағаш қалаларының сыртына шығаруға мүмкіндік береді», - деді жоба туралы айтқан Жеңіс Қасымбек.
Қазіргі уақытта консультанттар конкурстық құжаттаманы әзірлеп болып қалды. Желтоқсан айының ортасына дейін экономикалық қорытындыны алуды және жылдың соңында конкурс жариялау жоспарланып отыр. 27-ші қыркүйекте «Нұр жолы» өткізу пункті ресми іске қосылды. Ескі «Қорғас» өткізу пунктімен салыстырғанда Қазақстан мен Қытай арасындағы «Нұр жолының»өткізу мүмкіндігі10 есеге ұлғайды.Яғни, тәулігіне2500 автокөлік құралдарына дейін жетеді. Бұл импорт пен экспорттан жылына 50 млрд. тенге көлемінде қаражат жинауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жеке серіктес 2026 жылға дейін пайдалануға беру жұмысына кірісті.
2018-ші жылдың желтоқсан айында жүк әуе тасымалы саласына қағазсыз құжат айналымы ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Осы ақпараттық жүйенің енгізілуіне байланысты жүк тиеу уақыты 1 күннен 1 сағатқа қысқарады.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің қадағалауымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі аясында 18 жоба әзірленуде және іске асырылуда.
Бүгінгі күні Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 6 жоба бойынша жеке инвесторлармен шарт жасалды. Құны 50 млрд. теңге болатын Маңғыстау облысындағы су тұщыту зауытын салу (50 мың м3/тәулігіне) жөніндегі концессиялық жобасы ең перспективалы жоба деп саналады. Бұл жобаны іске асыру өңірдегі ауыз судың тапшылығын 71,4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Фото ашық ақпарат көзінен