
2020 жылы Қазақстанның бүкіл құрылыс саласы еуропалық стандарттарды (Еурокодтарды) пайдалана отырып жобалауға көшеді. Осы талап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасында белгіленген.
Мемлекеттік бағдарламаның 49 тармағы «Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің (ҚНЖЕ) орнына Еурокодтар жүйесін енгізуді» регламенттейді.
Жаңа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметтері нарығында қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандық компаниялар үшін құрылыс саласында қызмет көрсетулердің шетелдік нарығына шығу үшін мүмкіндік жасайды.
Еурокодтар әлемнің 45-тен асқан елінде танылған және қолданылатын әмбебап, икемді және ілгерішіл нормалар болып табылады.
Еурокодтардың артықшылығы нормативтік нормалардың әмбебаптылығы болып табылады – олар ғимараттар мен конструкциялардың барлық түрлерінің тірек конструкцияларын, жүктемелер мен әсерлердің барлық түрлерінің, оларың комбинациялық жағдйы мен үйлесуінің әрекетіне есептеу үшін қолданылады. Еурокодтардың артықшылығы ретінде сонымен бірге, икемділікті атап өтуге болады – барлық елдер өздерінің ұлттық ерекшеліктерін (табиғи-климаттық, сейсмологиялық, инженерлік-геологиялық ерекшеліктерін, техникалық және экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін және басқаларын) ескере отырып, Ұлттық қосымшаларды әзірлей және қабылдай отырып, қолдана алады;
Еурокодтарға өтуге даярлық Қазақстанда 2015 жылы басталған, дәл сол уақытта «ҚазҚСҒЗИ» АҚ сарапшыларынан да тұратын қазақстандық мамандар нормативтердің Қазақстанның қажеттіліктеріне сәйкес үйлестіруге мүмкіндік берген Еурокодтарға ұлттық қосымшаларды әзірлеуді бастады.
Бәсекелес болып қалу үшін, Қазақстанның жобалау және құрылыс компанияларының бір қатары ендігі «Ғимараттар мен құрылыстарды жобалауда және құрылысын салуда Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕЖ EN құрылыс нормаларын қолдану» курсы бойынша өз қызметкерлерін оқытудан өткізді.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ сіздерді Еурокодтарға ұқсас құрылыс нормаларын қолдану бағдарламасы бойынша оқытудан өтуге шақырады. Оқыту бағдарламасы 11 бөлімнен тұрады, Еурокод 0-ден басталып, Еурокод 9-ға оқытумен аяқталады.
Оқытуды Қазақстандағы Еурокодтарға ұлттық қосымшалардың әзірлеушілері, Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ТМД-да сейсмикаға төзімді құрылыс саласында танылған сарапшылар жүргізеді.
10-нан аса тыңдаушыны оқуға жіберген ұйымдар үшін оқудың жалпы құнынан 10% жеңілдік көзделген
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз: +7 (727) 3927466 немесе +7 (727) 2269410
