Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналым 5,5 есеге өсті

Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналым 5,5 есеге өсті

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері мен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы резидент емес Елшісі З.Бин Бахарудинмен кездесті.

Кездесу барысында сауда, инвестиция, азаматтық авиация және басқа да екіжақты бірқатар ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ең алдымен тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті. 2018 жылдың сегіз айында Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналым 312,8 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (56,2 млн. АҚШ доллары) 5,5 есе жоғары. Айта кету керек, бұл соманың негізгі үлесі - 286,6 млн. АҚШ доллар (8,9 есе жоғары) - қазақстандық экспортқа тиесілі.

Анықтама: 2017 жылдың соңында Қазақстан мен Сингапур арасындағы өзара сауда 35,3% -ға артып, 123,7 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазақстанның Сингапурға экспорты 2016 жылмен салыстырғанда 59,6%-ға артып, 86,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазақстанның Сингапурдан импорты 2016 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ және 37,2 миллион АҚШ долларын құрады.

Сондай-ақ, тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың оң нәтижесін тілге тиек етті. Бүгінгі күні Қазақстанда Сингапурдың 100 заңды тұлғасы, өкілдіктері мен филиалдары сәтті жұмыс істеуде.

Екі жақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында биыл жылдың аяғына дейін Сингапурда Қазақстан-Сингапур бизнес-форумын өткізу туралы мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылады. Осылайша, екі елдің авиациялық билігі елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған өзара іс-қимыл ынтымақтастығын одан әрі жалғастырады.

Товарооборот между Казахстаном и Сингапуром вырос в 5,5 раз

Товарооборот между Казахстаном и Сингапуром вырос в 5,5 раз