ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаккалиев: ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау үшін мемлекеттік қадағалаудың тиімді жүйесін құру қажет

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаккалиев: ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау үшін мемлекеттік қадағалаудың тиімді жүйесін құру қажет

Техникалық реттеу жүйесін дамытудың маңызды бағыты мүше-мемлекеттерде ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау үшін тиімді бақылау (қадағалау) жүйесін құру болуы тиіс. Бұл туралы ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаккалиев «Еуразия апталығы» халықаралық форумы аясында 23 қазан күні Ереванда өткен «Техникалық реттеу саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың ережелерін жетілдіру. Бизнес-қауымдастықтың пікірі» атты дөңгелек үстелде мәлімдеді.

«Бүгінде біз бірлескен жұмыс үшімен өнімдердің толыққанды ортақ нарығын құрдық. Одақтың техникалық регламенттерінде міндетті талаптарды белгілей және стандарттарды ерікті негізде қолдана отырып, біз Одақ нарығында өнім қауіпсіздігі ретінде және тауарлардың еркін қозғалысының негізгі шарттарының бірі ретінде де қамтамасыз етеміз», - деді А.Шаккалиев.

Келесі маңызды қадам ол Одақтың негізгі мақсаттарына тез жету және бірлестікті дамыту үшін интеграциялық бірлестіктің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болуы тиіс.

Арман Шаккалиев, қазіргі таңда өзара берісетін өнімге шамамен 85%-ы бірыңғай реттеуге кіретінін, яғни осы өнімге қатысты бірыңғай техникалық регламенттердің бірыңғай міндетті талаптары қолданылады, мұндай өнімдерді ЕАЭО нарығына шағарудың бірыңғай қағидалары белгіленді, бұл өз аумағында бизнесті жүргізуді айтарлықтай жеңілдететінін атап өтті.

«Осы кезеңде мүше мемлекеттердің өндірушілері үшін экспорттық әлеуетке қол жеткізуге мүмкіндік беретін, мүше мемлекеттердің өнеркәсіпті дамыту бағыттарын ескере отырып, техникалық реттеу жүйесін іске асыруды қамтамасыз ету маңызды», - деді ол.

Сонымен бірге А.Шаккалиевтің айтуынша, бұл бағытта әрине, Комиссия мен мүше-мемлекеттер арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл өте маңызды. Олай болмаған жағдайда, «жалған аймақтар» - деп аталатын «толықтай интеграцияланбаған» элементтер туындайды.

«Техникалық реттеудің маңызды құралы аккредиттеу болып табылады - өнімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын органдардың құзыреттілігін растау».

Спикер, тауарлардың бірыңғай нарығы жағдайында аккредиттеу жөніндегі органдардың өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында осы саладағы мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру қажет екенін түсіндірді. Осыған байланысты, сәйкестікті бағалау рәсімдерінің дұрыстығын қамтамасыз ету тұрғысынан аса қауіпті салаларды айқындай отырып, сертификаттау органдарының нотификациясын ұлттық деңгейде енгізу қажет.

- Қазақстан ЕАЭО-ны стандарттау бойынша өңірлік ұйым құру туралы бастама көтерді. Мұны ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы өз сөзінде айтып өтті.

«Біздің ойымызша, бұл техникалық кедергілерді азайтуға, мүше мемлекеттердің өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін стандарттау құралдарын іс жүзінде қолдануды арттыруға, импортты алмастыру міндеттерін шешуге және проблемаларды шешеді және инновациялық өнімдерді нарыққа шығаруға мүмкіндік береді».

Бір сөзбен айтқанда, қазіргі уақытта толыққанды «Одақ сапасының инфрақұрылымын» құру және «ЕАЭО-да жасалған» деген танымал өнімдерді шығаратын шараларға кірісу керек.

Спикердің айтуынша, техникалық реттеу жүйесін дамытудың маңызды бағыты мүше-мемлекеттерде ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау үшін тиімді бақылау (қадағалау) жүйесінің бірыңғай қағидаттары негізінде құрылуы тиіс.

Председатель Комитета технического регулирования и метрологии МИР РК Арман Шаккалиев: Необходимо создание эффективной системы государственного надзора за соблюдением требований технических регламентов ЕАЭС

Председатель Комитета технического регулирования и метрологии МИР РК Арман Шаккалиев: Необходимо создание эффективной системы государственного надзора за соблюдением требований технических регламентов ЕАЭС