«Абайлаңыз, қауіпті жүк!» акциясы аяқталды карау

«Абайлаңыз, қауіпті жүк!» акциясы аяқталды карау

17 қыркүйек пен 17 қазан аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің қызметкерлері «Абайлаңыз, қауіпті жүк» республикалық акциясын өткізді. Аталған іс-шара жыл сайын өткізіліп тұрады және адам өмірі мен денсаулығының, сондай-ақ қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейтуге бағытталған.

Акцияны өткізу барысында еліміздің аумағында 529 автокөлік тексерілген. Атап айтқанда, жүкті тасымалдау шарттары, қажетті құжаттар, көлік құралының техникалық жағдайы, жүргізушілердің еңбек және тынығу тәртібін ұстануы тексерілді.

Сонымен қатар, тексерілген автокөлік құралдарының 63,5% (336 бұзушылық) қауіпті жүктерді тасымалдауы талапқа сай емес. Сондай-ақ, салынған айыппұл соммасы 8,5 млн. теңгені және жүріп өткен жолы үшін алынатын алым 1,8 млн. теңгені құраған. Талапқа сай емес тасымалдаушылардың  317-сі қазақстандықтар болса, 19-ы шетел тасымалдаушылар.

Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде оларға тән қасиеттерге қарай техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылуына, өртенуіне немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiстік және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылатындығын атап өту қажет.

ҚР аумағында автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен бекітілген қағидалармен реттеледі.

Фото ашық ақпарат көзінен