ҚАЗАҚСТАН ҮШІНШІ ЕЛДЕРГЕ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ «ЕУРАЗИЯЛЫҚ» БРЕНДІН ІЛГЕРІЛЕТУ ҮШІН БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ӘЛЕУЕТКЕ ИЕ

ҚАЗАҚСТАН ҮШІНШІ ЕЛДЕРГЕ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ «ЕУРАЗИЯЛЫҚ» БРЕНДІН ІЛГЕРІЛЕТУ ҮШІН БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ӘЛЕУЕТКЕ ИЕ

Қазақстан зергерлік бұйымдардың айналымы қадағаланатындығын кепілдендіретін таңбалау жүйесін енгізу мәселесін талқылауға дайын екендігін айтты. Атап айтқанда, Әсіресе Одаққа мүше мемлекеттер аумағында өте маңызды сынамалық таңбалауды өзара тану мәселелері.

Сарапшылардың пікірінше, зергерлік сала, өндірістік әлеуетті ескере отырып, сөзсіз, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикасының маңызды салаларының бірі. Сауда инфрақұрылымын ұйымдастыру және цифрлық технологияларды қолдану өндірушілердің шығындарын азайтады және экспорттық нарыққа шығу кедергілерін жоюға ықпал етеді.

Ереванда өткен «Еуразия апталығы» III Халықаралық Форумның «Зергерлік саланы қалпына келтіру: шеберханадан брендке дейін» атты панелді талқылауда сөз сөйлей отырып, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаккалиев қазақстандық тараптың қабылдаған шараларының және ұсынған қадамдарының тізбесін көрсетті.

Өз баяндамасында Шаккалиев үшінші елдерге зергерлік бұйымдарды ілгерілету үшін «еуразиялық брендті» құру туралы мәселені қарауға, сондай-ақ осы мәселені талқылауға қатысуға дайындықты және ЕЭО елдерінің арасындағы кооперация схемаларын тереңірек зерделеуге мүдделі екенін атап өтті.

Нормативтік жоспарда Қазақстан ұлттық деңгейде өндіріс, бағалы металдар мен тастарды айналымға шығару және оларды іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мәселелері реттелетін тиісті заңнамалық актілерді қабылдады.

«ЕАЭО-ның кедендік аумағында қамбат металдар мен асыл тастармен жүргізілетін операцияларды жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы»халықаралық шарттың жобасы  базалық болғандықтан, Еуразиялық экономикалық одақтың маңызды салаларының бірі ретінде зергерлік сала, Одаққа мүше елдерден жеке емес біртұтас аспектіде дами түсуі үшін оған қажетті барлық тәсілдерді барынша көрсету қажет және қолданыстағы жүйелерге сенімсіздікке баса назар аудармау керек» - деді ол.

Осылайша, 2016 жылы «Қымбат металдар және асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау кезінде асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды және өңделмеген табиғи алмасты Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары бекітілді.

Соынмен қатар, зергерлік саладағы бизнес субъектілерінің қызметін жүзеге асыратын субъектілерді мониторингілеу үшін міндетті тәртіпте, асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды және өңделмеген табиғи алмасты Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтінелдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету («Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары) қызметін бастау немесе тоқтату туралы ескертеді.

Сондай-ақ, заңнамалық актілер деңгейінде асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалары бекітілді.

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаккалиевтің пікірінше, зергерлік нарықты дамыту үшінҚазақстан бүгінгі күнде шикізат және жаңа технологиялар сияқты қажетті ресурстарға ие.

2013 жылы желтоқсанда Астана қаласында «Тау-Кен Алтын» ЖШС жаңа аффинаж зауытын іске қосты, оның технологиясы ТМД аумағында баламасы жоқ және әлемдік көшбасшылардан кем емес қымбат металдарды тазартудың халықаралық инновациялық әдістеріне сәйкес әзірленген.

А.Шаккалиев айтып өткендей, зауытта қымбат металдарды электрохимиялық өңдеуге итальяндық технология енгізілген. Бұл әдіс тазартылған қорытпаның құрамына кіретін, бағалы компоненттерді кешенді пайдалану кезінде жоғары таза металдарды алуға мүмкіндік береді.

Электролиттік әдістердің артықшылықтары экологиялық қауіпсіздік, процестің құнының төмендігі, алтынды 99,99%-да тазалықпен алу мүмкіндігі бартауарлық өнімді жоғары дәрежеде тазарту дәрежесі болып табылады.

Зауыт вакуумдық дистилляциялау негізінде алтын, күміс және басқа да металл қоспаларын қышқылсыз бөлуге арналған озық технологиямен жабдықталған, бұл тазартудың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

«Зергерлік бұйымдардың жалпы еуразиялық нарығын қалыптастыруды ескере отырып, олардың басты міндетерінің бірі, осы нарыққа қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасына келіссіздер жасауға жол ашық», - деп қорытындылады Арман Шаккалиев.