ҚР ИДМ-ң Қоғамдық кеңесі екі комитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын қарады

ҚР ИДМ-ң Қоғамдық кеңесі екі комитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын қарады

Бүгін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қоғамдық кеңесінің 29-отырысы өтті. 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша Стратегиялық жоспардың мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есебі қаралды. Атап айтқанда, 2018-2020 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша инвестициялық, өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің есептері және жемқорлық тәуекелдерді ішкі талдау мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР ИДМ көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін де қарастырды.

Отырысқа ҚР ИДМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері, министрліктің Жауапты хатшысы Замир Сағынов және құрылымлық бөлімшелердің басшылары қатысты.

ҚР ИДМ Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Айгүл Кенжебаеваның айтуынша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Министрліктің «Мақсатқа жету» блогындағы қызмет тиімділігі әдістеме бойынша мемлекеттік орган тиімділігінің орташа деңгейі.

Анықтама.

2017-2021 жылдарға арналған ҚР ИДМ стратегиялық жоспары 3 стратегиялық бағыт пен 8 мақсатты көздейді, сәйкесінше, 2017 жылдың соңына қарай 86 мақсаттық индикаторлар бойынша жүргізілді

2018 жылға Министрліктің Стратегиялық жоспары 3 стратегиялық бағыт аясында 72 мақсатты көрсеткіштерге жетуді көздейді. Атап айтқанда, елдің индустриялық-инновациялық дамуына жағдай жасау; экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру және транзиттік әлеуетті жүзеге асыру үшін көлік инфрақұрылымын дамыту, құрылыс индустриясы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мәселелері.

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов өз баяндамасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі іс-шаралар туралы айтты. Лицензиялау жүйесін реформалау аясында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында Комитет соңғы жылдары жүзден астам лицензиялау рәсімдерін азайту шараларын қабылдағанын, бұрын анықталған жасырын қызметтер алынып тасталғанын тілге тиек етті. Осыған байланысты көрсетілетін мемлеукеттік қызмет санының азайғаны байқалады.  Бұдан бөлек, қазіргі уақытта комитеттің интернет ресурсы арқылы онлайн-кеңес беру мәселесі әзірленуде.

Анықтама:

2018 жылғы 9 айында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің ең көп саны – 6309, (2017 - 7096 қызметтер), сараптамалық бақылау және лицензиялау - 2018 жылдың 9 айында - 8247 қызмет (2017 - 11047 қызметтер).

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелерінің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған бақылау шаралары барысында қарастырылған мәселелер тізбесі бекітілді.

Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Диана Сәрсенованың айтуынша, комитет нормативтік құқықтық актілерде және мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде сәйкестендіру тұрғысынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Комитет «Атамекен» ҰКП-мен бірге «Инвестициялық жобаны іске асыруға және инвестициялық преференцияларды ұсынуға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік қызметін автоматтандыру жұмыстары  жүргізілуде.

Бұдан басқа, биыл Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрсе жөніндегі агенттіпен бірлесіп, инвесторлардың құқықтарын қорғауға және лауазымды тұлғалардың олардың қызметіне араласуына, сондай-ақ бюрократиялық процедураларды жеңілдетуге ықпал ететін «Protecting Businessand Investments» жобалық офисі енгізілді.

Жалпы, министрлікте мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелер басшылықтың қатаң бақылауында.

Құжаттау және бақылау департаменті директорының міндетін атықарушы Елена Маличеваның айтуынша, биыл 13 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды (құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында-2, азаматтық авиация саласында-9, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында-2).

Ведоствоаралық комиссияның өкізу аясында 2017 жылдың қазан айынан 2018 жылдың қыркүйек айы аралығында министрліктің барлық мемлекеттік қызметтерін ұсыну бойынша бизнес-процестер қарастырылды (141 мемқызмет).

Ведоствоаралық комиссияның қорытындысына сәйкес, оңтайландыру бойынша 103 мемлекеттік қызмет мақұлданды.

Анықтама:

2018 жылдың 9 айында министрлік 106 мың 929 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде «Азаматтарға арналған Үкімет» коммерциялық емес АҚ арқылы - 3217, қағаз түрінде - 7987, веб-портал арқылы - 95 725.

Кеңес қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері азаматтардың және сарапшылар қауымдастығының сауалнамалары арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын тәуелсіз бағалауды жүргізу, сондай-ақ комитеттердің қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ұсынымдар берді.