
Қазақстанда бірыңғай мемлекеттік қала құрылысы кадастры қалыптасу үстінде. Қала кадастрын елдің барлық аумағында жүргізу мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МҚК ААЖ) арқылы жүзеге асырылады. Онда негізгі субъектілердің мәліметтері мен құжаттары бар. Олар негізделген, жүйеленген, жалпыланған және тіркелген.
Қала кадастры үшін деректер ұсынатын базалық субъектілерге жататындар: салалық орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммуналдық кәсіпорындар, пайдалану қызметтері, тіркеу, техникалық түгендеу, жылжымайтын мүлікті бағалау қызметтері, салалық кадастрлық және басқа да инфрақұрылымдық қызметтер.
Қала кадастрының республикалық деңгейі экономиканың «Өнеркәсіп», «Көлік инфрақұрылымы», «Агроөндіріс», «Энергиямен жабдықтау», «Су ресурстары», «Минералдық-шикізат ресурстары», «Экологиялық жағдай», «Индустриялық-инвестициялық жобалар», «Қала құрылысы жобалары» бойынша негізгі бағыттары 9 тақырыптық базадан (54 қабат және 32 мыңнан астам объект) тұрады.
Қала құрылысы кадастрының базалық деңгейі Жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде жер үсті және жер асты коммуникацияларын түгендеу және М1:500 елді мекендерінің электрондық карталарын жасау арқылы қалыптастырылады. Бұл жұмыстар 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүріп жатыр (2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 ҚРҮҚ).
Қала құрылысының бірыңғай жүйесі еліміздің барлық аумағында жүргізіледі. Республикалық, облыстық, аудандық, базалық деңгейлердің біртұтас вертикалын құруға, қолданыстағы салалық, өңірлік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын реттеуге жұмылдырылады. Нақты уақыт режимінде елді мекендер аумағындағы барлық