
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті алаңында бейнеконференциямен байланысу форматында «Жасырын» сертификаттармен күресуде күш біріктіріп жаңа деңгейге өту шешімдері туралы Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік бақылау органдарының өкілдері айтып берді.
Өнімді сынақтан өткізбестен сәйкестік сертификаттарын (декларацияларын) заңсыз беруді жүзеге асыратын ұйымдардың, бір топ тұлғалардың заңсыз қызметінің жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық өзара әрекеттесу шеңберінде тараптар нақты шаралардың бірыңғай жүйесін қабылдау туралы шешімге келді.
Осындай шешімге ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті Алматы қаласының мемлекеттік бақылау органдары, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс департаменті, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау комитеті, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті, Ұлттық аккредиттеу орталығының осы бағытта бірлескен жұмысының нәтижесіне қол жеткізілді. Аккредиттеу субъектілеріне тұрақты мониторинг жүргізу мен біздің шекара периметрі бойынша еліміздің ішіндегі күмәнді құжаттар туралы ақпарат алмасу көрсетілген құрылымдардың үнемі назарында. Бүгінгі күні сертификатталмаған өнімнің үлесі 35%-ға дейін төмендегені байқалуда.
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Сауықбек Қапаевтың пікірінше 8 айдың деректер қорытындысы бойынша 5000-дай күмәнді сертификаттар Алматы қаласына жіберілген, осы бағыттағы құзыретті органдардың ынтымақтастығы ұлғаюда.
По словам руководителя Департамента Комитета технического регулирования и метрологии МИР РК по г.Алматы Сауыкбека Капаева, по итогам данных за 8 месяцев порядка 5000 сомнительных сертификатов направлены в Алматы, потенциал сотрудничества компетентных органов в этом направлении наращивается.
«ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменттері мен Ұлттық аккредиттеу орталығы хаттамалар мен құжаттарды есепке алу саясатын белсенді жүргізетін болады. Мұнда тек заңсыз берілген құжаттар тәуекелдерін басқару инструменттерін үндестіру қажет. Осы міндетт
Отырысқа қатысушылар жасырын сертификаттардың құқықтық, қаржылай, әлеуметтік алғышарттарының жолын кесуге өзара бірлесіп шешуге болатындығына сенім білдірді. Алаяқтар қазақстан тұтынушыларының қауіпсіздігі мен сертификаттау жүйесіне сеніміне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттеріне жауапкершілік барын түсінуі тиіс.



