
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын енгізу көзделген, оның ішінде:
- сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық жеткізгіштерді салуға арналған жабдықты, сондай-ақ инженерлік бағдарламалық қамтылымды сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға жұмсалатын шығындар;
- сәйкестендіру құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындар;
- клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтар (зерттеулер) жүргізуге арналған шығындар;
- ішкі нарықта тауарларды жеткізуге байланысты шығындардың бір бөлігі.
"Ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы "ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР ИИДМ бұйрығының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет - порталында, сондай-ақ Министрліктің сайтында орналастырылған.
Барлық ниет білдірушілерді бұйрықты open.gov.kz порталында талқылауға шақырамыз.