
Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнін мерекелеу аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін" медальмен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі қорғаныс және әскери қауіпсіздік бөлімі меңгерушісінің орынбасары Бейіспеков Азамат Өмірзақұлын марапаттады. Ол 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қорғаныс өнеркәсібін дамыту және Қарулы күштерді қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау тұжырымдамасын әзірлеуге тікелей қатысты.
Осындай медаль Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Әуе қорғанысы күштері және ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі факультетінің бастығы Келменбетов Арман Мингасұлына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің аға офицері Жүсіпбеков Сәкен Мырзараимұлына табысталды.
Министр Қазақстан Республикасында әскери ғана емес, экономиканың азаматтық салаларында да қолдануға болатын озық технологиялар саласындағы флагман болып табылатын жоғары технологиялық қорғаныс өнеркәсібін құруға бағытталған бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.